Сәнді дизайн. Ақылды шешімдер.

TOKIT компаниясы туралы

2013 жылы құрылған CHUNMI — IoT технологияларын қолдана отырып, ақылды ас үй техникасын дамытатын жоғары технологиялы компания.

2024 жылдан бастап ТОКIT Қазақстанда да ұсынылады. Біз ТOKIT әлемдік брендінің ресми дистрибьюторымыз.

2014 жылдан бастап Xiaomi экожүйесіне кіріп, осы бренд үшін 20-дан астам ас үй құрылғыларын жасады. 2021 жылы TOKIT жаһандық брендін іске қосып, TOKIT Omni Cook аспаздық комбайнымен танымал болды.

Командада 400-ден астам қызметкер бар, олардың 65%-ы инженерлер, соның ішінде Apple, IBM, Philips және басқа да ірі компаниялардың мамандары бар

Өнімдер 50-ден астам елде, оның ішінде АҚШ, Еуропа, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдерінде сатылады. Өндіріс Фошаньдағы (Қытай) интеллектуалды зауытта шоғырланған, ал ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары (R&D) Шэньчжэнь мен Тяньцзинь қалаларында жүзеге асырылады.

Ыңғайлылық үшін жасалған. Технологияларға негізделген.

TOKIT Omni Cook өнімi туралы

Біз Еуропада, Азияда және қазір Қазақстанда пайдаланушылардан көптеп оң пікірлер алғанымызға мақтанамыз.

TOKIT — бұл миллиондаған адамдардың күнделікті аспаздық әдеттерін өзгертетін инновациялар, сенімділік және ыңғайлылықтың үйлесімі.

35 функциясы бар әмбебап комбайн: қайнату, қуыру, ұсақтау, буға пісіру, аэрофритюр және тағы басқалар. Сенсорлы экранмен, 3000-нан астам рецептерге қолжетімділікпен және ақылды автоматты пісірумен жабдықталған.

Әлем бойынша 400 000-нан астам дана сатылған, Red Dot, iF Design Award, Good Design Award және басқа да марапаттарға ие болды. 2021 жылы Kickstarter платформасында 1 миллион доллардан астам қаражат жинады.

БІРНЕШЕ ФАКТ

Сенім, технологиялар және нәтиже — артық сөзсіз

2012
ҚҰРЫЛҒАН
750
ҚАНАҒАТТАНҒАН ТҰТЫНУШЫЛАР
190
БІЗБЕН ЫНТЫМАҚТАСАТЫН КОМПАНИЯЛАР
2
ТМД-дағы ОФИСТАР
21
КОМАНДАДАҒЫ МАМАНДАР
2500
САТЫЛҒАН ЖИНАҚТАР